Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының мектебінде жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген алғашқы робот мұғалім пайда болды. Оны жасаушылардың айтуынша, роботқа Iris есімі берілді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды.
Роботқа жарқын сари кигізілген нағыз ұстаз әйелге тән қасиеттер берілді. Робот сынып ішінде өзіне орнатылған доңғалақтардың көмегімен қозғалады, ал оқушылармен кездескен кезде қолын созып амандасады.
Iris өз жұмысын Тривандрум жоғары орта мектебінде бастады. Ол дыбыстық көмек арқылы түрлі тақырыптар бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беріп, интерактивті оқытуды жеңілдетеді.
«Іris-тің көмегімен біз шын мәнінде жекелендірілген оқу тәжірибесін жасау үшін жасанды интеллект күшін пайдалану арқылы білім беру жүйесінде төңкеріс жасағымыз келеді. Робот әрбір оқушының қажеттілігі мен қалауына бейімделе отырып, мұғалімдерге тартымды және тиімді сабақтар өткізуге мүмкіндік береді», - дейді әзірлеушілер.
Бақылаушылардың пікірінше, алдағы жылдары робот-мұғалімдерді қолдану ауқымын бағалау әлі де қиын, бірақ Iris-ті жұмысқа тарту тәжірибесі ЖИ көмекші рөл атқаратын білім берудің болашағы туралы түсінік береді.