Үнділер ең лас отын өндірісін 1 млрд тоннаға дейін жеткізбек
Үнділер ең лас отын өндірісін 1 млрд тоннаға дейін жеткізбек
3 жыл бұрын 1417 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shailesh Andrade / Reuters

Әлем бойынша көмірді тұтынудан екінші орында тұрған Үндістан осынау ең лас отын түрінің өндірісін екі-үш жылда кем дегенде 75 млн тоннаға дейін немесе 100 млн тоннаға дейін арттырмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің көмір өнеркәсібі министрі Анилаа Құмар Жейннің бұл тараптағы мәлімдемесіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Елдегі көмір өндірісіндегі үлесі 80 пайызға жететін Coal India мемлекеттік көмір өндіруші компаниясы 2024 жылға дейін көмір өндірісінің мөлшерін 1 млрд тоннаға дейін жеткізуді көзеп отыр. Қазіргі уақытта аталмыш компания жылына 622,6 млн тонна көмір өндіруде. Әлемдегі геосаяси ойындар мен дағдарыстар, жаһандық жылыну энергия тұтынуды арттырып отыр. Энергетикалық дағдарысқа жол бермес үшін 2022 жылы Үндістан 777,2 млн тонна көмір өндірген, бұдан бөлек, бір миллиард тоннадан аса мөлшерін жаққан. Мамыр айының 6-ы күні Үндістан билігі энергия тапшылығын болдырмас үшін көмір электр стансаларына толық қуатымен жұмыс істеуге пәрмен берді. Үндістан энергетика министрлігінің бұл бағыттағы бұйрығы қазан айының аяғына дейін күшінде болады. Осылайша Үндістан климат өзгерісіне қарсы күреске кедергі келтіріп отыр. Халықаралық энергетика агенттігінің келтірген дерегіне қарағанда, 2021 жылы әлем бойынша көмірден энергия өндіру әрі тұтыну көрсеткіші оның алдындағы 2020 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге, дәлірегі, 9 пайызға артқан. Ал биыл бұл тараптағы көрсеткіш тағы екі пайызға артады.

0 пікір
Мұрағат