Үнді соты дәрігерлерге жазуын анық етіп жазуға пәрмен берді
Үнді соты дәрігерлерге жазуын анық етіп жазуға пәрмен берді
2 ай бұрын 1024 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Пенжаб және Хариан штааттарының жоғарғы соты дәрігерлерге жазу қолтаңбасын жақсартуды міндетттеді. Өйткені, мемлекеттік дәрігердің сот-медицина тұжырымдамасын ешкім оқи алмаған. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сот жетекшісі Жасгурприт Сингх Пури анық та қанық жазылған медициналық рецепті негізгі құқықққа жататынын мәлімдеді. Яғни, пациент өзінің қауіпсіздігі үшін дәрігердің не жазғанын білуге құқылы. Бұл мәселені алдағы уақытта, дәлірегі, екі жыл ішінде цифрлы рецептіге көшу арқылы шешуі мүмкін. Оған дейін дәрігерлер рецептіні анық та қанық етіп жазуға міндетті. Десе де Үнді медицина қауымдастығының президенті Дилип Бханушали дәрігердің қабылдауына келген пациенттердің көптігінен дәрігерлер жазуын түсінікті етіп жазып отыруға уақыты тапшы екенін алға тартты. Үндістанда мұндай жағдай алғаш рет емес, Одиш және Аллахаба соттары да бұрын дәрігерлердің жазу қолтаңбасын қатаң сынға алған болатын. Күллі әлем бойынша дәрігердің осындай салғырттығынан, яғни, рецептіні түсінікті етіп жазбауынан мыңдаған науқас бақилық болған екен. 1999 жылы Америка құрама штаттарында жарияланған есепте келтірілген дерекке сәйкес жыл сайын дәрігердің түсініксіз қолтаңбасынан 7000 адам қайтыс болады.

0 пікір
Мұрағат