Үнді католиктері өздерінің оқу орындарында намаз оқуға тыйым салды
|
Үндістанның Керала штатындағы католик шіркеуі мұсылман студенттеріне өзі қадағалайтын оқу орындарында намаз оқуға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде UCA News ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Тыйым салудың алдында ислам дінін ұстанатын студенттерге қатысты бірнеше оқиға болды. Студенттер қалашығында намаз оқитын бөлмелер болмағандықтан мұсылман студенттер аудиториялар мен дәлізде намаз оқуға мәжбүр болған еді, бұл мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі басшыларының наразылығын тудырды. Осыдан кейін епархия мұсылмандарға оқу орындарының қабырғасында намаз оқуға ресми түрде тыйым салу туралы шешім қабылдады. 33 миллион тұрғыны бар Керала штатының әрбір алтыншы тұрғыны христиан дінін ұстанады. Жергілікті христиандар индустар (54%) және мұсылмандардан (26%) кейінгі ең көп ұстанатын діни қауымдастық.