Ұлыбританиядағы мұсылмандар қарасы 3 млн-нан асты
Ұлыбританиядағы мұсылмандар қарасы 3 млн-нан асты
4 жыл бұрын 2617 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың басында Ұлыбританиядағы мұсылмандар қарасы 3 млн адамнан асқан. Бұл жайында аталған елдің ұлттық статистика кеңсесі жүргізген зерттеу нәтижесінде айтылған. Тұманды Альбион елінде әлемдік діндер мен түрлі наным-сенім өкілдері арасында өсу динамикасы бойынша, яғни, көбеюі жағынан мұсылмандар көш бастап тұрғаны да айтылған аталмыш зерттеу нәтижесінде. Ал жамағатының қарасы кемуі жағынан керісінше осы елдің дәстүрлі дін өкілдері - христиандар алға шығып, жылдан жылға азайып келеді. Сондай-ақ, бұл зерттеуде аталған елдегі мұсылмандардың шоғырлану аймағы да, яғни, географиялық орналасуы да көрсетіліпті. Осы жолғы зерттеу нәтижесіндегі бұл мәліметтер 2011 жылы үргізілген халық санағынан көп өзгере қоймаған. Аталған кеңсе келтірген мәліметке қарағанда, осы елдегі мұсылмандардың дені Лондон мегаполисінде шоғырланған. Сонымен бірге, Блэкбернде, Йоркширде, Бирмингемде және Лутонда мұсылмандар қарасы көп болып шыққан. 

0 пікір
Мұрағат