Ұлыбританияда қандай да бір елге байкот жариялауды заңнан тыс акция ретінде қабылданатын заң жобасы қарастырылады
Ұлыбританияда қандай да бір елге байкот жариялауды заңнан тыс акция ретінде қабылданатын заң жобасы қарастырылады
2 жыл бұрын 953 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы аптада Ұлыбритания парламенті муниципалды кеңестерге Израилде өндірілген тауарлар саудасына тыйым салуға мүмкіндік бермейтін заң жобасын қарастырады. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тұрғын үй және коммуналды шаруашылық, жергілікті өзін-өзі басқару министрі Майкл Говтің айтуынша, Израил тауарларына заң шығару деңгейінде бойкот жариялау семиттерге қарсы сұрапыл әрекеттерге әкеледі әрі осы акцияны желеу етіп, израилдіктерге қарсы нәсілшілдік пен кемсітушілікке жол ашпақ. Осылай деген лауазымды тұлға «мемлекеттік мекемелердің өздерінің сыртқы саяси жоспарларын жүзеге асыру үшін салық төлеушілер төлейтін уақыт есебінен жұмсауы мүлде дұрыс емес. Біріккен Королдік үкімет бекіткен дәйекті сыртқы саясат бағытын ұстануы керек», - деді ол. Британдық бірнеше қалалық кеңестер, соның ішінде Ланкастер және Лестер кеңестері оккупацияланған аумақтардағы израилдік компанилар өндірген тауарларды өз аудандарында сатуға тыйым салу арқылы Палестина халқына қолдау көрсеткен. Міне, осындай орын алған саяси акциялардан соң Израилге бойкот жариялауға тыйым салу мәселесі күн тәртібіне шығарылған. Уэлстегі Суонси және Гвинед қалалары «Израил өз саясатын халықаралық құқыққа сәйкестендірмейінше және басып алынған Палестина аумақтарын азат етпейінше» Батыс Шериядағы Израилдің заңсыз қоныстарынан тауар саудасына тыйым салды. Оппозициялық лейбористер партиясының жетекшісі Кейр Стармер консерваторлар ұсынған аталмыш заң жобасын қолдамайтынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат