Ұлыбритания Құран өртеп аты шыққан арандатушы тұлғаға елге кіруге тыйым салды
Ұлыбритания Құран өртеп аты шыққан арандатушы тұлғаға елге кіруге тыйым салды
2 жыл бұрын 1010 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ билігі таяуда қасиетті Құран данасын өртеген шведтердің ұлтшыл партиясының жетекшісі Расмус Палуданға Ұлыбритания аумағына кіруге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы The Daily Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Расмус Палудан Туиттер әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында Англияның солтүстігінде орын тепкен Уэйкфилд қаласында Құран өртеу акциясын жүзеге асыратыны туралы жазбасын жариялаған болатын. Британ билігі бұл арандату әрекетінің алдын алу үшін оны елге кіргізбеуге шешім қабылдады. Британ билігі, дәлірегі, атталған елдің ішкі істер министрі Том Тугендхат осындай шешім қабылдағандарын Қауымдар палатасында жария етті. Оның айтуынша, Рамсус Палуданның арандату акциясы ағылшын қоғамының құндылығына қайшы келеді.

0 пікір
Мұрағат