Ұлыбритания премьері бейбітшіл Ислам халқын қолдауға шақырды
Ұлыбритания премьері бейбітшіл Ислам халқын қолдауға шақырды
8 жыл бұрын 3133 ummet.kz

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон ислам дінін ұстанушы, шынайы бейбітшілік пен достықты ту еткен адамдарға қолдау көрсету керек деп мәлімдеді.

«Әлбетте, экстремистік идеология шын мәнінде ислам болып табылмайды. Бұл айдан анық нәрсе. Алайда, жай ғана ислам бейбітшілік діні деумен мәселе шешілмейді, ислам діні мен экстремизмнің ара-жігін ажыратып алуымыз керек. Неге? Себебі, экстремистер өздерін мұсылмандарға теңестіреді» деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, Тунистен Парижге дейінгі қылмыскерлер қай жерде де өтірік айтып, ислам атынан сөйлеп келеді.

Осыған байланысты Дэвид Кэмерон экстремизм мен зорлық-зомбылықты айыптап қана қоймай, исламға деген өзгеше, шынайы әрі бейбіт көзқарасты қалыптастыру керектігін айтты. Премьер-министр шынайы ислам дінін ұстанушылар ғана жастарды радикалданудан сақтап қалады деген сенім білдірді. 

0 пікір
Мұрағат