Ұлыбритания мемлекет нысандарындағы қытай жабдықтарын жояды
Ұлыбритания мемлекет нысандарындағы қытай жабдықтарын жояды
2 жыл бұрын 1077 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Thomas Peter / Reuters

Ұлыбритания билігі мемлекеттік мекемелер мен нысандардан қытайдың құрал-саймандарын алып тастауды ұйғарып отыр. Қытай тыңшылығынан қауіптеніп. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian (www.theguardian.com/world/2023/jun/08/britain-to-remove-chinese-surveillance-gear-from-government-sites) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін құрылғылар қатарына, дәлірегі, қытайдың Hikvision және Dahua компаниялары әзірлеген бейнебақылау камералары жатқызылып отыр. 2022 жылы Ұлыбритания билігі мемлекеттік мекемелерге Қытайда жасалған камераларды орнатудан бас тартуды талап еткен еді. Министрлер кабинеті құпия нысандардан мұндай құрылғыларды жоюдың кестесін жариялауға уәде беріп отыр. Қытай билігі ағылшындардан саяси қитұрқылыққа жол бермей, ел аумағында қытай компанияларына қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуді талап етті. Reuters ақпарат ресурсының жазуынша, таяуда  Ұлыбританияның қауіпсіздік министрі Том Тугендхат Ұлыбритания аумағында Қытайдың құпия полициясының бөлімшелерін жапқанын мәлімдеді. Ол британдық құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Safeguard Defenders» үкіметтік емес құқық қорғау ұйымының үш британдық нысанда Қытайдың ұқсас орталықтары құрылғаны туралы хабарламаларын тексергенін атап өтті. Алайда, министрдің айтуынша, бұл тараптағы  тергеу аталған нысандарда Қытай мемлекетінің ешқандай заңсыз әрекетін анықтай алмаған. Лондон бұған дейін елдегі жария етілмеген полиция бекеттері туралы хабарлаған еді. Өз кезегінде Қытай Ұлыбританияда мұндай кеңселердің бар екенін жоққа шығарып, британдық министрдің мәлімдемелерін «толық саяси өтірік» деп атады. Сонымен бірге, Қытай тарапы елден тыс жерде жергілікті қытай азаматтарының өз еркімен басқаратын орталықтар бар екенін мойындады, олардың мақсаты Қытай азаматтарына ресми құжаттарды жаңартуға және басқа да қызметтерді ұсынуға көмектесуге саятынын алға тартқан болатын.

Ұқсас материалдар:

«Нью-Йоркте қытайдың құпия полиция бөлімшесі әшкере болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/nyu-iorkte-qytaidyn-qupiya-politsiya-bolimshesi-ashkere-boldy-18461/#gsc.tab=0);

«Қытайдың «тыңшы» видеокамераларына тыйым салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-tynshy-videokameralaryna-tyiym-salynuy-mumkin-15397/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат