Ультра ортодоксалды еврейлер Израилдегі ең жылдам өсіп келе жатқан халық тобына айналды
Ультра ортодоксалды еврейлер Израилдегі ең жылдам өсіп келе жатқан халық тобына айналды
2 жыл бұрын 2321 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайынғы статистикалық есеп бойынша Израилдің ультра ортодоксалды тұрғындар саны қазіргі уақытта 1,28 миллионды немесе 9,45 миллиондық жалпы халқының 13,5 пайызын құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орталық статистика бюросының деректері көрсеткендей, бүгінде ультра ортодоксалды еврейлердің өсу қарқыны 4%-ға жеткен - Израильдегі кез келген топтың ең жоғары қарқынына ие болған – он жылдан соң бұл тараптағы көрсеткіш жалпы халықтың 16%-ын құрайтын болады. Израил Демократия институтының талдау орталығының сараптама нәтижесінде Израилдің ультра ортодоксалды еврейлердің немесе харедилердің әлеуметтік портреті белгілі болды: олар кедей болғанына қарамастан тез өсіп келе жатқан, зайырлы білімі өте шектеулі, өзара бауырастық пен құрмет сезімі күшті топ. Бұл бағыттағы мәліметке үңілсек, ультра ортодоксалды еврейлердің кедейшілік деңгейі былайғы жұрттан екі есе жоғары болып шықты, оның жартысына жуығы кедейлік шегінен төмен. IDI талдау нәтижесі көреткендей, 2019 жылы харедилердің кедейлік деңгейі - 44%, ал жалпы халық үшін бұл көрсеткіш 22%-дан аспаған. 2021 жылы хареди әйелдерінің жұмысқа орналасу деңгейі хареди емес еврей әйелдерге қарағанда сәл төменірек болды: 82% - 78%. Сонымен қатар, хареди ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылы хареди емес еврей әріптестеріне қарағанда үш есе жоғары: 14% - 49%. Жаңа жасақталған министрлер кабинеті хареди халқының жағдайын түзетуді көздейтін кең ауқымды шараларды, соның ішінде семинария студенттеріне арналған шәкіртақы мөлшерін көбейтуді ұсынып отыр, Израил билігінің бұл әрекеті өз кезегінде хареди ерлерінің жұмысқа тұру ынта-ықыласын кемітіп, әлеуметтік масыл топқа айналдыруы мүмкін. Хареди отбасыларының орташа айлық жалақысы 14 121 NIS, яғни, шекел (еврейлерің ұлттақ ақшасы – ред.) (4 003 доллар шамасында), сонымен қатар, 21 843 NIS (6 191 доллар) табатын хареди емес әріптестерінен әлдеқайда төмен болды. CBS хабарынша, хареди еврейлер кедей болғанына қарамастан Израилдің өзге тұрғындарына қарағанда қайырымдылыққа жиі ақша аударады. Десе де хареди еврейлер отан алдындағы әскери борышынан өтеуден бас тартып жатады: 2021 жылы әскер  қатарында өз еркісен қызмет кеткен хареди әйелдерінің қарасы 4% болса, бұл көрсеткіш хареди емес еврей әйелдер арасында 22% құрады. Хареди ерлерінің де IDF-те (ЦАХАЛ) саны да айтарлықтай көп емес - 2020 жылы шамамен 1200 қызмет еткен, бұл көрсеткіш 2015 жылғымен салыстырғанда жартысына жуығын құрайды. Жоғары оқу орындарындағы хареди студенттерінің саны соңғы 13 жылда күрт өскеніне қарамастан, олардың қарасы Израилдегі барлық студенттердің санына шаққанда 10,5% құрайды.

0 пікір
Мұрағат