|
Украиндық диктор 58 әріптен тұратын сөзді мүдірмей айтып шықты
|
НТН телеарнасындағы «Свідок» бағдарламасының дикторы Екатерина Булатова 58 әріптен тұратын Еуропадағы қаланың атауын мүдірместен айтып шықты. Осылайша украиндық тележүргізуші британдық диктор, Channel 4 телеарнасының жүргізушісі Лиам Даттонның жетістігін қайталады.
НТН эфирінде Булатова Ұлыбританиядағы әріптесінің жетістігі жайында айтып келіп, өзі де ұзын-сонар сөзді еш мүдірместен оқып берді. Уэльстегі осынау қаланың толық атауы мынадай: Лланвайрпуллгвингиллгогерыхверндробуллллантысилйогогогох (Llanfairpwllgwyngyllgogerychwyrndrobwllllantysiliogogogoch). Қазақ тіліне аударғанда "Қызыл үңгір маңындағы асау ағыс пен әулие Тисилия шіркеуінің жанындағы ақ жаңғақ жырасындағы әулие Мария шіркеуі" деген мағынаны білдіреді.
Бұл қаланың ресми атауы емес. Көпшілік айтуға қиын болғандықтан оны Лланвайр-Пуллгвингилл (Llanfair Pwllgwyngyll) деп атайды.
Елдімекенге бұл атауды 1860 жылы тігінші Джон Моррис-Джонсон берген. Ондағы мақсат - қалаға туристерді тарту болатын.