Тырысқақ індетіне шалдыққандар саны 200 мыңнан асып кетті
|
Қарулы қақтығыс толастамаған Йемендегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Кезінде хабарлағанымыздай, індет ошағына айналған бұл елде тырысқақ дертіне шалдыққандар қарасы қазіргі уақытта екі жүз мыңнан асып кеткен. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып отыр. Аталған ұйым: "Бұл әлемдегі ең ауыр тырысқақ індеті" деп баға беріп, мәлімдеме жасады. Аса қауіпті вирустан 1300-нан аса йемендік мерт болған. Олардың төрттен бірі - балалар. Жыл сайын тырысқақ індетін 5 мыңдай адам жұқтырады. Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген мәлімет бойынша бүгінгі таңда 14,5 млн Йемен тұрғыны ауыз судан қағылып отыр. Бұл да аталған індеттің етек алуына себеп болып отырғанан айта кету керек. Ал ЮНСЕФ дерегіне қарағанда, Йеменде тырысқақ індетіне шалдығатындар қарасы жаз мезгілінің соңына қарай 300 мың адамнан асады.