|
Тыңшылыққа қатысы бар деген күдікпен кептер қамауға алынды
|
Үндістанда полиция Пәкістаннан ұшып келген кептерді қамауға алды. Үндістанның қауіпсіздік қызметі бейбітшіліктің символына айналған құсты «көрші мемлекеттің жансызы» деп күдіктеніп отыр. Бұл жайында «The Times of India» ақпарат көзі хабар таратты. Аяғына урду тілінде жазу жазылған қағаз байланған кептер Патханкот қаласында көзге түскен. Урду тілі Пәкістанның кейбір аудандарында қолданылады. Балалардың бірі оны жергілікті шаштараз маңынан қолға түсіріп, полиция бөлімшесіне жеткізген. Полиция қызметкерлері кептерді рентгеннен өткізгенімен күдікті ештеңе байқалмаған. Десе де, кептер қазіргі уақытта қамауда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін