|
Тыңшы құс қолға түсті (фото)
|
Ливанның Палестинамен арадағы шекара маңындағы Бинт-Жбейл қаласының тұрғындары Израилдің пайдасына қызмет ететін өзгеше тыңшыны қолға түсірді. Дәлірегі, аталған қала тұрғындары барлау құралымен жабдықталған бүркітті қолға түсірген. Тыңшы құстың қанаты жайғанда 2 метрге жеткен. Құстың аяғына тағылған білезіктегі жазуға қарағанда, ол Тел-Авив қаласынан ұшып келген. Жергілікті тұрғындар оның денесіндегі барлау құралдарын шешіп алып, құстың өзін еркіндікке жіберді. Сөз реті келгенде айта кетейік, мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осыған дейін де Израилдің тыңшы құстарын қолға түсірген болатын.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті