Тыйым салынған «ет желім» қоспасы тағам өнімдерінің құрамынан 2,5 есе жиі табыла бастады
Тыйым салынған «ет желім» қоспасы тағам өнімдерінің құрамынан 2,5 есе жиі табыла бастады
6 ай бұрын 583 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары тағам өнеркәсібінде «ет желімінің» (микробтық трансглютаминаза) қоспасын пайдалану Ресейде 2020 жылдың қаңтарынан бастап тыйым салынғанына қарамастан айтарлықтай өскен. «Россельхознадзор» мен «Роспотребнадзор» (Ресейлік ауыл шаруашылық өнімдері мен тұтыну өнімдерінің сапасын қадағалайтын мемлекеттік мекемелер) мәліметі бойынша бұл қоспаны қолдану жиілігі 2,5 есеге артып кеткен.  Бұл жайында islam.kz порталы «Известия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Етті желім» - тағам өнімдерінің массасын (көлемі мен салмағын) арттыра отырып, ақуыздарды байланыстыруға мүмкіндік беретін фермент. "Роскачество» (Ресей сапасын бақылайтын ұйым) жүргізген тексеру барысында толық зерттелмеген бұл қоспаның сүт өнімдерінде, атап айтқанда, сүзбеде көп кезесетінін анықтады.

0 пікір
Мұрағат