Тыйым салуға тыйым салынды...
Тыйым салуға тыйым салынды...
4 жыл бұрын 2346 материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гипер сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Конгресс өкілдері Ақ үй қожайынына әлем елдерінің қандай да бір діни сеніміне немесе нәсіліне қарай алалап, олардың азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салатын жарлық шығаруға тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Бұған экс-президенті Дональд Трамптың 2017 жылы бірқатар мұсылман елдерінің, атап айтқанда, Сомалидің, Суданның, Йеменніңғ Қырғызстанның, Либияның, Танзанияның және өзге де мұсылман елдерінің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салған аты-шулы жарлығы түрткі болған. Аталмыш жарлықтың күшін осы жылдың қаңтар айының 20-ы күні қазіргі АҚШ президенті Джо Байден жойды. Осылайша АҚШ билігі қандай да бір кемсітушілікке, адам құқығының аяқ асты болуына жол ашатын асыр сілтеушілікке тосқауыл қойып, демократиялық елге тән ұстанымын білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Al Jazeera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Тыйым салуға» тыйым салатын заң жобасын палата өкілдерінен 218 адам жақтап дауыс берсе, 208 адам қарсы дауыс берген. 

0 пікір
Мұрағат