Тұтқындарға азаттық сыйлаған түрме мейрамханасы (фото)
Тұтқындарға азаттық сыйлаған түрме мейрамханасы (фото)
3 жыл бұрын 2978 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. ФОТО: ATTA KENARE / AFP

Бұрын түрме қабырғасында жазасын өтеп шыққан екі адам Иран астанасында «түрме мейрамханасы» деп аталатын ерекше бизнес түрін қолға алған екен. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндағы мақсат қарызын мерзімінде қайтара алмағаны үшін жазасын өтеп жатқан тұтқындарға азат өмір сыйлауға саяды. Осындай жолмен борышкер тұтқындарды босатып алу идеясы түрме қабырғасында пайда болған. Нәтижесінде Теһран қаласының шығысында орын тепкен «Cell 16» кафесі ашылған. «Мен болашақ жарымды полицияда істеп жүргенде жолықтырдым. Мен Теһранда темір бұйымдармен сауда жасайтынмын, алайда, қалтамда көк тиын қалмай, тақырғa отырдым»,- деп еске алды Бениамин Нахат. Оның әріптесі Арман Әлізат  бір кездері қарызға белшесінен батқан болатын. Шиғалар елінің заңнамасындағы талаптар қарызды дер уақытында қайтырмағандарға, мәһірді бермегендерге немесе банк несиесін төлемегендерге қатал – заңнамада қарастырылған талаптар орындалмайынша айыпты тұлға абақтыға жабылады. Түрме қызметкерлерінің келтірген дерегіне қарағанда, 11 мыңнан аса ирандық қазіргі уақытта қарызы үшін түрмеде отыр. Яғни, қарызы үшін абақтыға жабылғандар қарасы ел аумағындағы тұтқындардың шамамен 5%-ын құрап отыр. Осынау идеяны жүзеге асырғандар 2016 жылы азат өмірге аяқ басқан екен, көп ұзамай «Cell 16» – «16 камера» деп аталатын дәмхана ашады. Осылайша олар қарыздың жоқшылық қылтасын қиған адамдардың амалсыздан баратын ақырға амалы екенін, оларды қылмыскер санауға болмайтынын алға тартып отыр. Мұндай жағдай әркімннің басында болуы мүмкін екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Олардың бизнесі өрге көтеріледі, артынан тағы екі дәмхана ашады: олардың біреуі Исфахан қаласында. Instagram әлеуметтік желісінде қарызы үшін түрмеде отырған жандарды босатып алуға қатысты науқандық шаралар жүргізетінін де жасырмады. Көбінесе өздеріне тұтқынның әйелдері өтініш айтып келетінін жеткізді. Кейде тұтқынды азат етіп қоймай, артық ақша болса, олардың (еңбек етуге жарамсыз немесе үйінде науқасы бар тұтқындардың) тұрмыс-тіршілігіне көмек ретінде берілетінін де атап өтті. Олардың қайырымдылық шарасына елге танымал азаматтар да атсалысады екен. Бұл дәмханада өзіне азаттық сыйлаған бұрынғы тұтқындардың кейбіреуі бүгінде даяшы, аспазшы, т.б. болып жұмыс істеп нәпақа тауып жүр. Мейрамханаға келушілер қарасы әжептәуір. Ол ол ма, кейбіреуілері туған күнін осында атап өтуді әдетке айалдырған. Осылайша аталған бизнестің өркендеуіне өз үлестерін қосып, тұтқындарға азаттық сыйлап келеді.

Iran 'jail restaurant' aims to free bad debt inmates

IRAN-PRISON-FOOD-CAFE-CHARITY

IRAN-PRISON-FOOD-CAFE-CHARITY

IRAN-PRISON-FOOD-CAFE-CHARITY

IRAN-PRISON-FOOD-CAFE-CHARITY

IRAN-PRISON-FOOD-CAFE-CHARITY

Photos: Iran 'jail restaurant' aims to free bad debt inmates | News-photos – Gulf News

0 пікір
Мұрағат