Тұтас бір құрлық өз аумағының үштен бірін табиғи қорыққа айналдырады
Тұтас бір құрлық өз аумағының үштен бірін табиғи қорыққа айналдырады
2 жыл бұрын 1349 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия жер аумағының кемінде 30%-ына қорық мәртебесін беруді көздеп отыр. Бұл туралы Австралияның қоршаған ортаны қорғау министрі Таня Плиберсек мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы mignews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Өсімдіктерімізді, жануарларымызды және экожүйелерімізді қорғау үшін әрекет ету қажеттілігі бұрын-соңды мұншалықты маңызды болмаған»,- деп мәлімдеді аталған елдің қоршаған ортаны қорғау министрі. Айта кетейік, Австралия билігі өсімдіктер мен жануарлардың 110 түріне және 20 аймаққа ерекше мәртебе беріп, қорғалатын аумақтардың аумағын 50 миллион гектарға ұлғайтпақ. Бұл бағыттағы жоспар 2027 жылы қайта қаралатын болады. Тағы бір айта кетерлігі, басқа құрлықтарға қарағанда Австралия сүтқоректілер түрлері бойынша бірінші орында тұр. Жергілікті биологиялық әралуандылықты сақтауға аталған ел билігі шамамен 146 млн доллар қаражат бөлуді көздеп отыр.

Ұқсас материалдар:

«Тұтас ел аумағының 30%-ы қорыққа айналдырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tutas-el-aumagynyn-30-y-qoryqqa-ainaldyrylady-14191/#gsc.tab=0);

«Жердің жартысына жуығы қорыққа айналдырылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/jerdin-jartysyna-juygy-qoryqqa-ainaldyryluy-mumkin-14095/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат