Тұтас бір ел тұрғындары жаппай электрмобил мініп жатыр
Тұтас бір ел тұрғындары жаппай электрмобил мініп жатыр
6 жыл бұрын 2318 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен 2018 жылы Норвегияда сатылған автокөліктердің үштен бірін электромобил құрайды. Бұл әлемдік деңгейде рекордтық көрсеткіш болып саналады. 2025 жылға қарай Скандинавиялық ел тұрғындары жанар-жағармаймен немесе газбен жүретін автокөліктерден толық бас тартады. 2013 жылы аталмыш елдің автонарығындағы электромобилдің үлесі 5,5-дан аспаған еді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 20,8 пайызға артса, өткен жылы 31,2 пайызға жеткен. Сөз орайы келгенде мынадай жеңілдіктің астын сызып тұрып айта кеткен жөн: батареямен жүретін автокөлік иелері көптеген салық түрлерінен босатылған әрі тегін автотұрақ беріледі, сондай-ақ, автокөлігін тегін қуаттандыра алады. Кезінде хабарлағанымыздай, норвегтер осылайша әлемге дабыра қылмай-ақ, жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосып келеді. 

0 пікір
Мұрағат