Түсік жасатуға заңмен тиым салынды
Түсік жасатуға заңмен тиым салынды
8 жыл бұрын 2368

Абхазияда жуырда қабылданған заңға сәйкес ел аумағында түсік жасатуға тиым салынды. Тек ана өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде ғана баланы алдыртуға рұқсат етілмек. Депутат Саид Харазияның айтуынша, аталмыш шара елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына оң септігін тигізеді. «Демографиялық түйткілді мәселені тек заңмен шешілмейді»,- деп мәлімдеген ел президентінің парламенттегі өкілі Дмитрий Шамба өз ойын былай сабақтады: елдегі әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттырып, ақпараттық насихат жұмыстарын жандандыру керек. Ал депутат Эмма Гамисония түсік жасатқысы келген адамның заңнан айналып өтудің жолын бәрібір табатынын, нақтырақ айтқанда, жемқорлық пен парақорлықты өршітіп, жасырын түрде жасанды жолмен баланы алдыртудың белең алып кетуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді. 

1 пікір
Мұрағат