Түсік жасатудан бас тартуға шақырған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартатың заң қабылданды
Түсік жасатудан бас тартуға шақырған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартатың заң қабылданды
3 жыл бұрын 1710 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Испанияда сәуір айының 14-нен бастап жасанды түсік туралы заңға енгізілген өзгерту қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы theolivepress.es ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптары түсік жасатуға құқықтық кепілдік беріп қоймай, соныен қатар, осындай әрекетке баруға бел байлаған аяғы ауыр әйелді райынан қайтаруға тырысқан тұлғаларды қыомыстық жауапкершілікке тартады. Бұл жайт, әсіресе, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелді райынан қайтаруға талпынған белсенділерге қатысты. Яғни, түсік жасатудан бас тартуға үндеген, үгіттеген адам бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі. Дәл осы заң қабылданар күні Мадрид қаласындағы парламент алдында жасанды түсікке наразылық шеруі өткен болатын. Дәлірегі, бұл акцияны «Өмір сүру құқығы» деп аталатын қоғамдық ұйым өткізген еді. Испанияда жүктіліктің 14 аптасына дейін қандай да бір себепіз  түсік жасатуға рұқсат етілген. Ал жүктілік 14-ші аптасынан асып кетсе, яғни, анасының денсаулығына осы жүктілікпен байланысты қауіп төнгенде түсік жасатуға рұқсат етіледі. Ал Италияда бұл мәселені материалдық ынталандыру жолымен шешкісі келеді. Daily Mail ақпарат көзінің хабарауынша, Италияның солтүстігінде орналасқан Пьемонт облысы кеңесінің мүшесі Маурицио Марроне түсік жасатқысы келген аяғы ауыр әйелге 4 мың еуро мөлшерінде өтемақы беру арқылы райынан бас тартқызуды ұсынды. Аталған кеңестің әлеуметтік саясатына жауапты Маурицио Марроне Пьемонтеде осылайша тағы 100 баланың өмірге келуіне, дәлірегі, түсік жасатқысы келген 100 жүкті әйелді райынан қайтуына осындай тетікпен ықпал етуге болады. Аяғы ауыр әйелдердің дені экономикалық қиындықтарға байланысты жасанды түсік жасататынын көлденең тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат