Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан өлген әйелдер қарасы бойынша Ресей көш бастап тұр
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан өлген әйелдер қарасы бойынша Ресей көш бастап тұр
3 жыл бұрын 1735 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әйелдердің үкіметтік емес бірлестігі консорциумының құқық қорғаушылары бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесін шығарды: 2011-2019 жылдар аралығында Ресейдегі бақилық болған әйелдердің 66%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған. Яғни, барлық қайтыс болған әйелдің жартысынан көбісі жанындағы серігінің немес туысының қоланын қаза тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы readymag.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйымның құқық қорғаушылары келтірген дерекке қарағанда, аталған мерзім аралығында бақилық болған 18 547 әйелдің 12 209-ы жанындағы серігінің немесе туысының қолынан бақилық болған. Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, Ресейде әйелдерге ең қауіпті орын, өкінішке қарай, отбасы болып тұр. Салыстыру үшін алсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша 2018 жылы күллі әлем бойынша туысының немесе серігінің қолынан қаза тапқан әйелдердің қарасы 58%-ды құраған. Бұл тараптағы ең жоғарғы көрсеткіш Африка құрлығындағы елдерге тән - 69%, ал ең төменгі көрсетіш Еуропада — 38%.

0 пікір
Мұрағат