Түрмеде де хафыз дайындайтын мұсылман елі (фото)
Түрмеде де хафыз дайындайтын мұсылман елі (фото)
5 жыл бұрын 3005 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның Кония қаласындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Әбдіқадыр Гайлин Теккөз қасиетті Құранды 15 айдың ішінде бастан-аяқ жаттап алған болатын. Оның бұл әрекеті жанындағыларға үлгі болып, 15 тұтқын қазіргі уақытта Түркияның дін істері жөніндегі министрлігінің түрме басқармасымен бірігіп, түрме қабырғасында ашқан Құран курсына қатысып жүр. Бұл жайында aa.com.tr ақпарат көзі хабар таратты. Темір тордың арғы жағындағы Құран дәрісі таңғы сағат 9-дан кешкі 4-ке дейін өтеді. Жазасын өтеушілер тек қасиетті Құранды ғана емес, сонымен қатар, хадистер мен дін негіздерін зерделейді. Жазасын өтеушілердің бірі, 32 жастағы Мұстафа Қошал Құран дәрісіне қатысқалы бері өмірінің түбегейлі өзгергенін жеткізді. Күніне 4 беттен жаттап жүр. Ол Құран жаттаудың адам иманына күшті әсер ететінін, яғни, бар есіл-дерті Құран аяттарын ұмытып қалмауы үшін оны іштей қайталап, Жаратқанмен ұдайы байланыста жүргендей сезінетінін жасырмады. Ол да хафыз атанғысы келеді. Ал тағы бір тұтқын, абақтыға жабылғанына аттай 18 ай өткен Мұстафа Өздемірдің айтуынша, өзін түрмеде емес, Құран медреседе жүргендей сезінетінін тілге тиек етті. Ол күніне 3 беттен жаттап жүр. Әлбетте, аталған түзету мекемесінде діни курс баяғыдан бері жұмыс істейді. Алайда, Әбдіқадыр Гайлин Теккөздің әрекеті өзгелерге ой салып, Құран курсын шын мәнінде атына заты сай жаңғыртты десе болады.

'Hayatım film olsa adı 'hafız' olurdu'

Kapalı Cezaevinin

Kapalı Cezaevinin

Kapalı Cezaevinin

0 пікір
Мұрағат