|
Түрмеде 150 индус ораза ұстады
|
Үндістандағы аса ірі Тихар түрмесінде жазасын өтеп жатқан 2300 мұсылман жамағатымен бірге 150 индус ауыз бекіткен. Аталмыш түрменің баспасөз хатшысы Сунил Гупта тұтқындардың қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, ораза ұстағанын және соңына дейін ораза ұстауға ниеттеніп отырғандарын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ауыз бекіткендерге түрме әкімшілігі тарапынан барынша жағдай жасалатынын жеткізді. Яғни, ауыз бекіткендер үшін сәресі мен ауызашар ұйымдастырылатынын, жеміс-жидекпен, құнарлы азық түрлерімен қамтамасыз етілетінін жария етті. Сонымен бірге, тұтқындардың тарауық намазын оқып жүргенін де жасырмады. Ораза ұстап жүргендердің арасында 70 әйелдің барын да жайып салды.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)