Түркияның теңіз өнімдерінің экспорты тұңғыш рет 1 млрд доллардан аса табыс әкелді
Түркияның теңіз өнімдерінің экспорты тұңғыш рет 1 млрд доллардан аса табыс әкелді
4 жыл бұрын 2397 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Өткен жыл Түркияның балық шаруашылығы үшін толағай табыс әкелген жыл болды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, 2020 жылы түріктердің теңіз өнімдерінің экспортынан түсетін табыс тұңғыш рет 1 млрд доллардан асқан. Аталмыш сектор өкілдері мұнымен шектеліп қалмай, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Түркияның теңіз өнімдерінің экспортынан, мәселен, 2016 жылы 744 млн 561 мың доллар пайда тапса, бұл көрсеткіш 2017 жылы 797 млн 256 мың долларға жеткен. Ал 2018 жылы 879 млн 590 мың доллар, 2019 жылы - 962 млн 233 мың доллар. 2020 - 1 млрд 8 млн 944 мың доллар. Статистикалық деректен байқасаңыздар, түріктердің теңіз өнімдерінің экспортынан түсетін табыс жылдан жылға тұрақты түрде артып отырған. Осыған қарап теңіз өнімдерін экспорттау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын аңғара аласыз. Қысықасы, соңғы 5 жыл ішінде түріктердің теңіз өнімдерінің экспорты 35,5 пайызға өскен. Яғни, 2016-2020 жылдар аралығында түріктердің теңіз өнімдерінің экспортынан жалпы 4 млрд 392 млн 584 мың доллар табыс түскен. Ал осы саладағы импорттық мәліметтерге тоқталсақ, 2016 жылы түріктер сырттан 174 млн 616 мың долларға теңіз өнімдерін сатып алыпты, 2017 жылы бұл көрсеткіш - 223 млн 161 мың доллар, 2018 - 184 млн 809 мың доллар, осылай кете береді. Ал өткен жыл теңіз өнімдерін импорттау бойынша ең төменгі көрсеткішке жеткен - 143 млн 104 мың доллар. Импорттық көрсеткішке қарап, жылдан жылға түріктердің теңіз өнімдерінің экспорты қарқын алып, импорты төмендегенін байқайсыз. Яғни, теңіз өнімдерінің импорты соңғы 5 жыл ішінде 750 млн 649 доллардан аспаған. Осылайша елдің азық-түлік қауіпсіздігін бекемдеу бағытында айтарлықтай жетістікке жеткенін аңғаруға болады. Бір қызығы, түріктердің теңіз өнімдерінің негізгі тұтынушылары осы салада өзімен бәсекелес елдер болып отыр: мәселен, өткен жылы Нидерланды көш бастаған - 133 млн 78 доллар, одан кейінгі орында Ресей тұр - 131 млн 889 мың доллар, Италия - 121 млн 454 мың доллар, Грекия - 81 млн 244 мың доллар, Норвегия - 48 млн 334 мың доллар, т.б. 

0 пікір
Мұрағат