Түркияның соққы беруші беспилотниктері алғаш рет NATO мен ЕU елдеріне сатыла бастады
Түркияның соққы беруші беспилотниктері алғаш рет NATO мен ЕU елдеріне сатыла бастады
4 жыл бұрын 3863 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Таяуда Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің флагманы атанған ASELSAN компаниясы шетелдік клиенттермен 35,5 млн доллардан асатын қаражатқа бағаланған аса ірі келісім-шартқа отырды. Аталған мәміле бойынша ASELSAN компаниясы шетелдік клиенттерін авионикалық жүйемен қамтамасыз етеді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын Украинаға, Әзірбайжанға, Катарға экспортталып келген түріктің осы заманғы озық қаруы енді Еуропалық одаққа мүше әрі Солтүстік саяси-әскери альянстың мүшесі Полшаға да жеткізілетін болады. Аталмыш келісім-шартқа сәйкес Түркия Полшаны қару-жарақтың төрт бірдей жүйесімен, соның ішінде Bayraktar TB2 ұшқышсыз ұшатын әскери аппаратымен қамтамасыз етеді. 2022-2023 жылдар аралығында. Бұдан бөлек, поляктар түріктердің Roketsan компаниясының өнімі болып табылатын MAM-C және MAM-L «ақылды» қару түрімен де қамтамасыз етілмек. Baykar компаниясының өкілдері мәлімдегендей, Bayraktar TB2 аппараты 40 түрлі компьютерлік жүйені пайдаланады. Түріктердің беспилотниктері автономды режимде жұмыс істеп, өздігінен ұшып-қона алады.

Түркия әлемнің бір саусақ санына жетпейтін 4 елдің бірі – соққы беруші әскери беспилотник аппараты өндірісі бойынша.

0 пікір
Мұрағат