Түркияның қорғаныс қабілеті жаңа дәуірге аяқ басты: алғашқы, отандық, дыбыстан жылдам зымыраны құрастырылды (видео)
Түркияның қорғаныс қабілеті жаңа дәуірге аяқ басты: алғашқы, отандық, дыбыстан жылдам зымыраны құрастырылды (видео)
5 ай бұрын 944 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың шілде айының 22-і күні Стамбұл шаһарында өткен - IDEF2025 халықаралық қорғаныс өнеркәсібінің көрмесінде түріктердің өз қолынан шыққан алғашқы дыбыстан жылдам зымыран жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия осылайша дыбыстан жылдам зымыран құрастырған әлемдегі санаулы мемлекеттердің қатарына енді. «Тayfun Block-4» алыс қашыққа ұшатын баллистикалық зымыран турасында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Түркияның қорғаныс қабілетін биік деңгейге көтерген айтулы оқиға болды. Ұзындығы 10 метрге дейін жететін, салмағы шамамен 7 тонна тартатын, ұшу қашықтығы – 8 шақырымнан асатын, жылдамдығы 5 Мах болатын зымыранды Roketsan компаниясы құрастырған. Бүгінде дыбыстан жылдам зымыран Америка құрама штаттарында, Қытай халық республикасында, Ресей Федерациясында, Иранда, Солтүстік Кореяда, т.б. елдер ғана бар. Үндістанда мұндай зымыран әлі құрастырылу үстінде. 

 

0 пікір
Мұрағат