Түркияның қарулы күштері әлемдегі алғашқы әскери дрондарға арналған кемеге ие болды (видео)
|
Түркияның әскери-теңіз күштері әскери дрондарға арналған десанттық кемеге ие болды. Мұндай кеме әлемде алғаш рет құрастырылып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы hurriyet.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кемені қарулы күштерге таспсыру салтанатты шарасына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар қатысты. Түркия әлем бойынша алғашқы кеменің қысқа ұшу-қону жолағында ұшатын әрі қонатын беспилотникті жұртшылық назарына ұсынанын айта кетпекпіз (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-alem-boiynsha-algashqy-kemenin-qysqa-ushu-qonu-jolagynda-ushatyn-ari-qonatyn-bespilotnikti-jurtshylyq-nazaryna-usynady-v-18350/#gsc.tab=0). «Қызыл алма», «Хүржет» және «Байрақтар ТБ3» ұшқышсыз ұшақтарының кеме платформасына қонуға мүмкіндігі бар екені атап өтілді. «TCG Anadolu» әлемнің кез келген нүктесінде әскери операциялар жүргізу мүмкіндігіне ие, палубада 10 тікұшақ пен 11 ұшқышсыз ұшу аппаратын және ангарда 19 тікұшақ пен 30 ұшқышсыз ұшақты орналастыра алады. Оның ұзындығы - 231 метр және ені - 32 метр және кем дегенде 20,5 торап жылдамдықпен қозғалуға қабілетті. Осы орайда аталмыш әскери кеменің жобасы 2015 жылдан бері қолға алынып, Әскери-теңіз флот стандарттарына сай құастырылған айта кету керек.