Түркияның жоғары технология экспорты
Түркияның жоғары технология экспорты
4 жыл бұрын 2712 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Түркияның CTech Bilişim Teknolojileri A.Ş. компаниясы еуропалық Thales Alenia Space компаниясымен ғарыштық коммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түріктердің аталмыш компаниясы осы келісім-шарт аясында спутниктік байланыс пен ғарыштық мақсатта қолданылатын өнімдерін алғаш рет экспорттады. Түріктердің CTech Bilişim Teknolojileri A.Ş. компаниясының бұл келісім-шарты өз кезегінде Түркияның әлемдік ғарыш державасы атануына қосылған үлес әрі аталған компанияның ғарыш технологиясы саласындағы халықаралық нарықта көздеген мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін қадам болып табылады. Осылайша түріктер ғарыш технологиясы нарығындағы өзінің жабдықтау желісін қалыптастыруды алдына мақсат етіп қойып отыр. Түріктердің ғарыштық технология компаниясымен келісім-шартқа отырған Thales Alenia Space компаниясы испандық компания, ол бұл саладағы нарықта 32 жыл келе жатқан компания. Испанияның бұл компаниясы спутниктік байланыс жүйесі бойынша әлемдегі жетекші  компаниялардың бірінен саналады, бұған мына дерек куә бола алады: осы уақытқа дейін аталған компания 600 спутник үшін 4 мыңнан аса өнімін сатқан. Thales Alenia Space соңғы 15 жылда бұл салада жетекші компания атанып отыр. Ал түріктердің CTech Bilişim Teknolojileri A.Ş. компаниясы жоғары технология саласында маңызды жобаларымен 2005 жылдан бері көрініп келе жатқан компания, ол ел ішінде де, шетелде де қорғаныс пен қауіпсіздік, авиация, ғарыш, телекоммуникация, байланыс, киберқауіпсіздік, т.б. өнімдерімен жабдықтап келе жатыр. CTech Bilişim Teknolojileri A.Ş. компаниясы 2018 жылдан бері Türk Havacılık ve Uzay Sanayii AŞ. құрамыне кіріп, бүгінгі таңда аталған компанияның инженерия саласының өзінде 180-нен аса сарапшы жұмыс істеп жатыр. CTech Bilişim Teknolojileri A.Ş. алғашқы отандық телекоммуникациялық Türksat 6A спутнигіне қатысты жобаны жүзеге асырып келе жатқан консорциум құрамына кіреді. Осы жоба аясында CTech Bilişim Teknolojileri A.Ş. компаниясы жер мен спутник арасындағы байланысты қамтамасыз етуге арналған телеметрия, байланыс, т.б. қосалқы жүйелерді әзірлейді. 

0 пікір
Мұрағат