|
Түркияда осы жылдың алғашқы жартысының өзінде туристер кәдісыйлар үшін 1 млрд доллар тастап кеткен
|
Түркия туризм саласында жаңа белесті бағындырды: жырты жылда (биыл) кәдесыйлар саудасынан 1 млрд доллар пайда тапты. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік статистика институтының (TurkStat) дерегіне сәйкес 2025 жылдың бірінші жартысында шетелдік туристер 1,05 млрд доллар қаражатқа кәдесыйлар сатып алды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15% -ға артық – ол кезде 904 млн долларға жеткен. Жалпы алғанда, қаңтар айынан маусымға дейін Түркияда туризмнен түскен кіріс 25,78 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,6% -ға артық. Туристер саны да 1,7% -ға артып, 25,53 млн адамнан асқан. Кәдесый саудасы негізінде Ыстамбұл мегаполисінде, сондай-ақ, Анталия мен Мұғла секілді оңтүстік провинцияларды қызу жүрген. Туристер негізінен тоқыма бұйымдары, қепкен жемістер, кілем, зергерлік бұйымдар мен қолөнер туындыларын көптеп сатып алған. Туристердердің шығыны туралы мәлімет көрсеткендей, қаражаттың ең көп бөлігі тағам мен сусындарға (5,43 млрд доллар), одан кейін басқа тауарлар мен қызметтерге (4,57 млрд доллар), ішкі және халықаралық көлік қатынасына (3,54 млрд доллар) және киім мен аяқ киімге (2,69 млрд доллар) жұмсаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бүкіл әлемдік туристік ұйымының мағлұматы бойынша 2024 жылы 56,7 млн шетелдік туристі қабылдаған Түркия әлемдегі турист саны бойынша төртінші ел атанған. Өткен жылы туризмнен түскен кіріс 61,1 млрд доллар шамасында белгіленді.