|
Жасанды интеллект енді әскер сапында: Түркия алғашқы қадам жасады
|
ADVENT жүйесі қазір Түркияны қоса алғанда тоғыз елде қолданылады.
Түркияның HAVELSAN компаниясы MAIN атты жасанды интеллект платформасын ADVENT жауынгерлік басқару жүйесіне енгізіп жатыр. Бұл жайлы Aikyn.kz сайты TRThaber ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазады.
MAIN техникалық қызмет көрсету қадамдарын көрсету, нұсқаулықтарды табу және сұрақ-жауап арқылы операторларға көмек береді.
Жоба зертханалық сынақтардан өтіп, қазір түрлі жүйелермен интеграциялау кезеңінде.
MAIN болашақта тек техникалық қызмет қана емес, операциялық басқаруда да шешім қабылдауды қолдауға бағытталған.
ADVENT жүйесі қазір Түркияны қоса алғанда тоғыз елде қолданылады. Ол теңіз күштерінің өзара әрекетін қамтамасыз етіп, нақты уақыт режимінде басқару мен шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды