Түркияда жастар азайып келеді
Түркияда жастар азайып келеді
10 ай бұрын 1489 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның жастары бірнеше жыл қатарынан кеміп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. TurkStat (Түркичның мемлкеттік статистикалық институты) келтірген дерекке сәйкес өткен жылы (2024) 15-24 жас аралығындағы ел тұрғындарының саны 85,6 млн адамды құрайтын жалпы халық санына шаққанда 14,9%-дан аспаған. Осы жас тобының үлесі 1950 жылы халықтың жалпы санына шаққанда 20,8%, 2013 жылы шамамен 16,6% болды және содан бері бұл көрсеткіш ұдайы төмендеп келеді. TurkStat мәліметінше, 2024 жылы жастар саны шамамен 12,7 млн адамды құрады, 51,2% - ерлер және 48,8% - әйелдер. Мұндай демографиялық құлдырауға қарамастан, Түркиядағы жастардың үлесі Еуропалық одаққа (ЕО) мүше елдер бойынша орташа көрсеткіштен едәуір жоғары болып отыр. 2024 жылы ЕО-ның 27 еліндегі жастардың орташа үлесі 10,7 пайыздан аспады. Түркия билігі мемлекеттің қуаты – халық санын төмендетпеудің барлық амалын қарастырып келеді: биыл «Отбасы жылыә деп жариялап, балалар жәрдемақысына қатысты жаңа бағдарлама қабылдады. Туу көрсеткішінің төмендеуіне қатысты ең нашар сценари бойынша 2100 жылға таман елдегі жастар үлесі 11,4% деңгейінен аспауы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат