Түркияда жалған ақпарат таратқандарға жаза күшейтілмек
Түркияда жалған ақпарат таратқандарға жаза күшейтілмек
3 жыл бұрын 1328

Түркияда жалған ақпарат таратқандарды бір жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды. Бұл жайында qazaqtimes.com ақпарат көзінің тілшісі Арай Жұматай мәлім етеді.

Аталған заң қазанда ел парламентінде қарастырылады. Бұл жөнінде Түркия конституция комитетінің өкілі Али Өзкая: «Германияда құқыққа қайшы мазмұны бар жазба анықталған жағдайда әлеуметтік желі қолданушысына контент алып тастауы үшін 24 сағат уақыт беріледі. Әйтпесе 50 миллион еуроға дейін айыппұл салынады. Германияда азаматтар заңсыз жазба жариялаған жағдайда қылмыстық іс қозғауға құқылы. Сондай-ақ «ескерту – алып тастау» шағым жүйесі енгізілген. Біздің ережелерде де бұл тармақтар болуы тиіс», – дейді.

Али Өзкаяның айтуынша, қалыпты өмірдегі қылмыс саналатын әрекеттер әлеуметтік медиада да қылмыс болып есептеледі. Дегенмен, жалған аккаунттардың кесірінен оған қарсы тиімді күрес жоқ. Сондықтан бұл мәселе жақын арада шешімін табуы тиіс.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Түркияда әлеуметтік медиа қолданушыларының саны – 60 миллион. Елде орташа есеппен әрбір қолданушы 3 сағат уақытын ғаламтор парақшаларында өткізеді.

"The Qazaq Times" 

0 пікір
Мұрағат