Түркияда имамдар қиған неке заңды күшке ие болады
Түркияда имамдар қиған неке заңды күшке ие болады
7 ай бұрын 883 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияда мемлекеттік имамдар қиған қиған неке ресии сипатқа ие болады, яғни, заңды саналады. Бұл бағыттағы заң жобасын түрік парламенті қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасы мақұлданбас бұрын қоғамның қатаң талқысынан өтіп, наразылық акцияларына тап болды. Дегенмен, билік бұл қарсылықты еңсере білді. Феминистер мен исламофобтар аталған заңды Түркияның зайырлы сипатына елеулі нұқсан келтіретінін алға тартып, сынға алды. Осылайшы имамдарға да мемлекет қызметкерлеріне тән құзырет бірелді. Сонымен бірге, некенің ресми тіркелуі үшін ол тек шариғатқа ғана емес, мемлекеттік талаптарға да сай болуы керек. Атап айтқанда, некеге тұратындардың жасы кемінде 18 жаста, ерекше жағдайларда - 17 жастан кем болмауы керек. Сондай-ақ, неке қидыруға келгендерге некелі жары болса,  тіркелмейді. Яғни, бұл мемлекеттік және діни талаптар бір-біріне қайшы келмейтін жағдайда имамдарға рұқсат етілген мемлекеттік рәсім. Ал қайшылық туындаған жағдайда (мысалы, шариғат рұқсат еткен екінші, үшінші немесе төртінші әйелмен некеге тұру) әйел үстіне әйел алғысы келетіндер тек мемлекеттік тіркеуден өткен неке мәртебесіне ие бола алмайды және ресми имамның неке қию қызметін пайдалана алмайды. Мұндай заң бір жағынан діндарлардың әлеуметтік жағына да оң әсерін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат