Түркия туристерге салық салатын болды
Түркия туристерге салық салатын болды
6 жыл бұрын 3895 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2019 жылдың қаңтар айының 1-і күнінен бастап, Түркия билігі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген желеумен әр туристке 1,5 еуро мөлшерінде салық алады. Аталмыш салықта турист елге ұшып келген бетте - әуежайда өндіріліп алынады. Бұл жайында Түркияның мемлекеттік әуежайлар бас басқармасы мәлім етті. Turizmhaberleri дерек көзінің келтірген мәліметіне қарағанда, алғашында туристке салынатын салық мөлшері 3 еуро болып ұсынылған екен. Алайда, аталған елдің TURSAB туристік агенттіктерінің қауымдастығы Түркияның мәдениет және туризм министрі Меһмет Нұри Ерсойға осы мәселе бойынша кіріп, туристерге салынатын салық мөлшерін төмендетуге келісімін алған. Өйткені, миллиондаған турист Түркия аумағында демалу үшін алдын ала төлем жасап қойған. "Түркияның туристік бағыттағы ең басты артықшылығы - баға мен сапаның сәйкестігі. 2019 жылғы турпакет қазан айынын бастап сатыла басаған еді. Бұл салық онда ескерілмеген. Бұл турпакеттерді миллиондаған шетелдік турист сатып алып қойған болатын. 3 еуро болымсыз тиын-тебен көрінгенімен бұл шығында туроператорларға бөлгенде олар миллиондаған еуро төлеуге мәжбүр болар еді",- деді Tursab жетекшісі. Фируз Балықай. 

0 пікір
Мұрағат