Түркия шетелдіктерге елде тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады
Түркия шетелдіктерге елде тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады
2 жыл бұрын 1337 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі шетелдіктерге ел аумағында тұруға берілетін рұқсатты шектейтінін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның шкі істер министрі Сүлеймен Сойылға жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің келтірген дерегіне қарағанда, 2022 жылдың шілде айының 1-нен бастап Түркияның әр ауданында тұратын шетелдіктер қарасы 20 пайыздан артық болмауы тиіс. Шамамен 1,2 тұрғын аудандар мигранттарға жабық болмақ. Бұл ереже Түркиядан пана іздеген тұлғаларға да қатысты. Осылай деген ол заңсыз мигранттардың жолын кесу шараларының жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Соңғы алты жылда біз 2 626 170 адамның Түркияға кіруіне жол бермедік және ел ішінде 1 246 000 иммигранттарды ұстадық», деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар, шекарада тұрғызылып жатқан дуал өз кезегінде 8 млн  мигранттың шекарадан заңсыз кесіп өтуінің алдын алғанын да айтып өтті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Turk.Estate мағлұматына үңілсек, 2022 жылдың сәуір айының мәліметі бойынша Түркиядан тұрғын үй сатып алушы шетелдіктер арасында ресейліктер көш бастаған – 1,1 мыңнан аса тұрғын үй сатып алған.

0 пікір
Мұрағат