Түркия шетелдегі алғашқы әскери базасын ашты
Түркия шетелдегі алғашқы әскери базасын ашты
8 жыл бұрын 3591 Baq.kz

Түркия шетелдегі тұңғыш әскери базасын Сомали Республикасында ашты. Біріккен Ұлттар Ұйымы мақұлдаған «Әскери дайындық базасында» Сомалидің 10 мың 500 әскері оқытылмақ.

«Қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастық келісімі» аясында құрылған базада Түркияның 200 шақты әскери қызметкері борышын өтейді.

Айрықша әскери базаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскер жолданбақ.

Түркия осылайша Африкада әскери базасын ашқан АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Жапониядан кейінгі бесінші ел атанып отыр.

Сомали мемлекеті Үнді мұхитына тікелей шыға алады, Аден шығанағына да өте жақын орналасқан. Сондықтан, аймақта қарақшылар көп. Әл-Кайдаға қарасты Әл-Шебаб ұйымы да Сомалиде жиі теракт жасайды.

«Trt.net.tr» порталының мәліметінше, Түркия Катарда да әскери база құрады. Ол 2014 жылы жасалған келісім негізінде оқу-дайындық базасы ретінде қолданылады.

0 пікір
Мұрағат