|
Түркия құрбандыққа шалынған малдың етін Сирия мен Газаға аттандырады
|
Түркияның HumanitarianReliefFoundation гуманитарлық ұйымы биыл да құрбандыққа шалынған мал етінің бестен бір бөлігін азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирия мен Израил басқыншылығынан жапа шеккен Газа секторындағы палестиналықтарға жөнелтетін болды. Бұл жайында Ансар.ру ақпарат көзі хабар таратты. «Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Жетім мен жесірлердің қарасы көп. Оларға көмек керек», - деп мәлімдеді осы ұйымның вице-президенті. Оның келтірген мәліметіне қарағанда, өткен жылы Құрбан айт кезінде Түркияда 50 000 ірі қара сойылған. Олардың он мыңының еті Газа секторы мен Сирияға жөнелтілген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...