Түркия қазбалы энергетикалық ресурсты игерудің жаңа кезеңіне қадам жасайды
Түркия қазбалы энергетикалық ресурсты игерудің жаңа кезеңіне қадам жасайды
2 жыл бұрын 1454 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Angus Mordant / Reuters

2023 жылы Түркия билігі мұнай және газ кен орындарын барлау үшін құрлықтағы 100 ұңғымада бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, аталған салаға дайындалған тиісті жол картасын жүзеге асыруға кіріседі. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Геологиялық барлау жұмыстарын ел ішінде және шетелде жеделдету қажет, өйткені ол энергетикалық сектордың мұнайға, табиғи газға және геотермалдық ресурстарға, сондай-ақ өнеркәсіптің шикізатқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Келер жылдың соңына дейін теңіздегі бұрғылау қондырғыларының саны 26-ға дейін артады. Олар теңізде 14 бұрғылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде олар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының оффшорлық аймақтарын да қамтитын болады. Түркияның Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қара теңіз газ өндірісінде «тағы бір үлкен қадамның» жасалғанын мәлімдеді. Кестеден ауытқулар жоқ, деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Сакария газ кен орнында ірі нысандарды салатын Seven Arctic кемесі теңіз түбіне кордон бекіткіш сызығын төсеу жұмыстарын бастайды.  Түрік мұнай корпорациясының (TPAO) бас директоры Мәлік Хан Білгін «Сакария газ кен орнын дамыту жобасының маңызды кезеңдерінің бірі» аяқталғанын хабарлады. Түркияның Энергетика министрі Фатих Денмез Қара теңіз кеніштерінен елге табиғи газ 2023 жылы жеткізілетінін мәлімдеді. Бұрын да хабарлағанымыздай, Түркия Қара теңіздегі 540 миллиард текше метр газды өндіруге және тасымалдауға он миллиард долларға жуық инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, бұрғылаушы кемелер саны да артады. Түркия Сакария газ кенішінде тапқан газды өңдейтін өнеркәсіп кешенін салуда. Ол Қара теңізде Түркия жағалауынан 150 шақырымдай жерде орналасқан. Нысан 2023 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығымен аталған кен орны мемлекеттік қолдау көрсетілетін жобалардың біріне айналады. Түркия негізінен Ресейден келетін газ импортына толығымен тәуелді, ал Сакария кен орны бұл импортты шамамен төрттен біріне қысқартады. Қара теңіз түбімен тартылатын құбыр арқылы газ жағалауға жеткізіледі

Ұқсас материалдар:

«Түркия келесі жылдан бастап өз газын өндіреді» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-kelesi-jyldan-bastap-oz-gazyn-ondiredi-16653/#gsc.tab=0);

«Түркияны энергетикалық тәуелділіктен құтқаратын кен орны табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyany-energetikalyq-taueldilikten-qutqaratyn-ken-orny-tabyldy-14019/#gsc.tab=0);

«Түріктер тағы бір газ кен орнын тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/turikter-tagy-bir-gaz-ken-ornyn-tapty-14277/#gsc.tab=0) 

 

0 пікір
Мұрағат