|
Түркия Қара теңізден жаңа мұнай кен орнын тапты
|
KAZINFORM — Түркияның мемлекеттік мұнай компаниясы — TPAO Қара теңіздегі жаңа мұнай кен орнын игеруге лицензия алу үшін өтініш берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.
Тиісті құжат 25 қыркүйекте Түркия үкіметінің ресми басылымы Resmi Gazete-де жарияланды.
Мұнай кен орны Қара теңіздегі шекараны межелеу туралы екіжақты келісімдермен айқындалған теңіз юрисдикциясы аумағындағы айрықша экономикалық аймақта және континенттік қайраңда орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясы корольдіктің стратегиялық экспорттық бағыты саналатын «Шығыс – Батыс» мұнай құбырының жұмысын қайта бастағанын жазғанбыз. Бұл әлемдік нарыққа мұнай жеткізуге қатысты алаңдаушылықты азайтты
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды