Түркия өздерінің отандық субмаринасын құрастырады
Түркия өздерінің отандық субмаринасын құрастырады
3 жыл бұрын 1507 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияның солтүстік-бтысында орын тепкен Қожалы қаласында өткен салтанатты шарада сөз алған аталған ел президенті Режеп Тайып Ердоған отандық суасты кемесі құрастырылатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай оотырып мәлім етеді. Түркия мемлекет басшысы отандық алты субмаринаны суға түсіретінін жеткізді. Алғашқысы келесі жылы суға жіберіледі. Осылай деген ол Түркия жыл сайын бір субмаринадан құрастыратынын да жасырмады. Түріктердің суасты кемесінің салмағы 1856 тонна тартады, 300 метр тереңдікке дейін «сүңги» алады. Үш күнге дейін су астында бола алады әрі 12 аптаға дейін қуатталмай жүзе алады. Субмариндер су астындағы су бетіндегі және құрлықтағы нысандарды нысанаға алатын осы заманғы қару-жарақпен, торпедамен, зымыранмен және минамен, соның ішінде отандық «Акия» торпедасымен, сондай-ақ, кемеге қарсы «Атмака» зымыранымен жабдықталады. Бұл тапсырысты орындауға 30 түрік компаниясы атсалысады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы жылдары Түркия елдің қорғаныс қабілетін нығайту әрі ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар қару-жарақ өндірісін арттыру бағытында жетістіктерге жетті. Дәлірегі, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қатері жоғары қару-жарақ импортын барынша азайтуға күш салып келеді. Қазіргі уақытта ұлттық өндіріс түрік әскерінің қажеттілігін 70%-ын өтеп отыр. Бүгінгі таңда 750 отандық қорғаныс жобасы соңғы 5 жыл ішінде жүзеге асырылуда.

0 пікір
Мұрағат