Түркия отандық қанатты зымыранын сынақтан сәтті өткізді (видео)
Түркия отандық қанатты зымыранын сынақтан сәтті өткізді (видео)
2 ай бұрын 454 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия әскерилері мен инженерлері TÜBITAK SAGE және ROKETSAN компанияларының білікті мамандары құрастырған SOM-J шағын көлемді, қанатты зымыранның сынағын сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы түрік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сынақ барысында зымыран теңіз үстінен sea-skimming режимінде төмен биіктікте ұшып өтіп, жоғары дәлдікті және басқару жүйесінің тиімділігін көрсетті - су үстіндегі нысанаға дәл соққы берді. Түркияның өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Қашыр әлеуметтік желідегі аккаунттарында SOM-J зымыраны өзін жақсы жағынан көрсеткенін мәлімдеді: "TÜBITAK SAGE әзірлеген SOM-J қанатты зымыран біздің озық инженерлік мүмкіндіктеріміздің деңгейін көрсетеді. SOM-J өзінің жоғары маневрлігін және жер бетіне жақын ұшу қабілеті арқасында зымыран әскери әуе күштерінің қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық стансалар байқай алмайтын қару екенін көрсетті». Аталмыш қару түріктердің әскери әуе күштерінің әскери мүмкіндігі мен әлеуетін арттырады.

 

0 пікір
Мұрағат