Түркия исламофобиямен күресуге бел буды
Түркия исламофобиямен күресуге бел буды
9 жыл бұрын 4008

Түркияның үкіметі жанындағы түріктер мен туыстар қауымдастығының ісі жөніндегі агенттік (YTB) бүгінгі таңда батыс елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы исламды құбыжық етіп көрсетуінен әлемде белең алған исламофобиямен күресу үшін арнайы бағдарлама қабылдады.  Аталмыш бағдарлама ең алдымен Германия, АҚШ, Дания, Франция, Италия, Австрия, Белгия, Ұлыбритания, Финляндия, Нидерланды, Швеция, Швейцария, Канада және Норвегия елдерін қамтиды. Нақтырақ айтқанда, түрік билігі нәсілшілдікке қарсы насихат жұмыстарын қаржыландыруды көздеп отыр. Яғни, исламофобияны құртуға арналған ұлтаралық татулыққа бастайтын шараларға, тиісті зерттеулерге қаржылай қолдау көрсетеді. Аталған бағдарлама аясында жоғарыда сөз болған елдердегі осы мақсатта жұмыс істейтін ұйымдар мен жобаларға 68 мың доллардан басталатын грант бөледі. Түрік парламентінің адам құқығы жөніндегі топтың жетекшісі Мұстафа Енероғлының айтуынша, кәрі құрлықты жайлаған ислам жайындағы жаңсақ ұғымның жетегінде кетіп, мұсылмандарға қаны қарайғандарға қарсы күрес түрік билігінің басты назарында болмақ.

0 пікір
Мұрағат