Түркия Еуропа елдері арасында көш бастады
Түркия Еуропа елдері арасында көш бастады
8 жыл бұрын 4645

Түркия экономикалық көрсеткіш бойынша Еуропа елдері арасында көш бастады.Нақтырақ айтқанда, осы жылдың алғашқы кварталында 4,8%-бен экономикалық өсу қарқынымен алға шықты. Түркияның статистикалық комитеті хабарлағандай, ел экономикасы өткен жылғыға қарағанда 4,8% -ға өскен. Яғни, ЕО-ға мүше 27 елдің бәрін артқа тастады. Мальтаны есептемегенде. Түркиядан кейінгі орынға аталған көрсеткіш бойынша Швеция табан тіреген. Айта кетейік, түрік экономикасы бүгінгі таңда әлемнің экономикасы ең дамыған жиырма елдің құрамына кіреді. Бұған соңғы он жыл ішінде батыл жүзеге асырылған, экономиканы және банк секторын тұрақтандыруға әрі өркендетуге септігін тигізген бірнеше реформалар өз әсерін тигізді. 2008 жылға дейінғ яғни, әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа дейін Түркия экономикасы шатқаяқтамай тұрақты даму үстінде. 2014 жылы әлемнің алдыңғы қатарлы, әйтсе де, экономикасы табиғи ресурстар мен шикізатқа тәуелді елдер дағдарыстан құлдыраған еді. Ал Түркия шикізатқа тәуелділік танытпай мықты инфрақұрылымы мен қызмет көрсету саласында айтарлықтай ілгерлеген еді. Мысалға алсақ, сол кезеңде АҚШ экономикасы бар-жоғы 0,8%-ға өскен болатын. Түркияның стратегиялық әрі экономикалық әріптесі Ресей Федерациясымен дипломатиялық қатынас үзіліп, түрік тауарларына Ресей аумағында тыйым салынса да бұл санкция түріктер экономикасына кері әсерін тигізген жоқ. Бұл пікірді түріктердің өзі немесе үшінші тарап елдерінің емес, нақ осы Ресей сарапшылары білдірді.  

0 пікір
Мұрағат