Ирактағы 3 млн 600 мың балаға түрлі деңгейдегі қауіп төніп тұр (видео)
Ирактағы 3 млн 600 мың балаға түрлі деңгейдегі қауіп төніп тұр (видео)
8 жыл бұрын 2798 24.kz unian.net

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры – ЮНИСЕФ Иракка қатысты баяндамасын жариялады. Бұл елдегі 3 млн 600 мың балаға ажал құшу, майып болу немесе қарулы жасақтарға күшпен қосу қаупі төніп тұр. Ирактағы қарулы жанжал, әсіресе, балаларға ауыр тиеді. Қазіргі кезде бұл елдегі 4 млн 700 мың балғын қайырымдылық көмекке зәру. Соңғы 2,5 жылда Иракта 1496 бала ұрланған. Бұл ай сайын жасақтар елу шақты жасөспірімді күштеп өз қатарына қосатынын білдіреді. Соғыстың кесірінен 1,5 млн бала үйін тастап, өзге аумаққа қашқан. Елдегі мектептердің 20%-ы жабылып, 3,5 млн жеткіншектің оқуға мүмкіндігі жоқ. Джастин Форсайт, ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары: - Ирактағы босқындар лагерінде болғанымда, жұрттан талай әңгіме естідім. «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содырлары ата-анасының көзінше 6 мен 9 жасар балаларын бауыздапты. Тағы бір әйелдің айтуынша, 14 жастағы ұлын атып тастаған. Таң қаларлығы, ата-аналарының өмірін сақтап, тек балаларын өлтірген.

 

0 пікір
Мұрағат