Түркия екі жылда танкілерін Javelin-ге төтеп беретін отандық техникамен алмастырады
Түркия екі жылда танкілерін Javelin-ге төтеп беретін отандық техникамен алмастырады
3 жыл бұрын 970 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Murad Sezer / Reuters

Түркия екі жыл ішінде отандық Altay отанды танкін жаппай шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы CNN Türk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта аталмыш әскери техника сынақтан өтіп жатыр. Салмағы 65 тоннаға жететін Altay танкі Украинада жүріп жатқан соғыста аты шыққан Javelin секілді  осы заманғы танкке қарсы зымыран кешеніне төтеп беретін белсенді қорғаныс жүйесімен жабдықталады. Ақырғы сатысында жергілікті қозғалтқыш қондырғысы жасалуда. Бұдан бөлек, Altay әскери ауыр техникасы жаңа буынды бронмен жабдықалады. Altay танкісіның ату қашықтығы 8 шақырымға дейін жетпек. Altay компьютерлік жүйемен басқарылады. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі мен Әскери теңіз күштері жаңа танк өндірісі үшін 2018 жылы жалпы құны 500 млн долларға бағаланған контрактіге отырған болатын. Алғашқы кезеңінде 250 данасын шығару жоспарланған. Ал жалпы 1000 данасы шығару жоспарланып отыр. Altay әскери техникасы бүгінгі Түркия қарулы күштеріндегі немістердің Leopard танкісі мен америкалықтардың M60 танкісін толық алмастыратын болады.

0 пікір
Мұрағат