Түркия долларлық жүйеден ішінара бас тартуда ілгерлеушілік танытып келеді
Түркия долларлық жүйеден ішінара бас тартуда ілгерлеушілік танытып келеді
3 жыл бұрын 1902 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия тағы екі елмен сауда-саттықты ұлттық валюта бойынша жүргізетін болды. Екеуі де мұсылман елі: Әзірбайжан және Біріккен Араб Әмірлігі. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған екі елдің ұлттық валютасы (манат пен дирхам) Түркияның сауда-саттыққа арналған шетелдік валюта тізіміне енді. Бүгінде Түркия әлемнің 20-дан аса елімен сауда-саттықта ұлттық валютамен есеп айырысуға көшкен санаулы елдердің бірі. Соның ішінде, саудиялық риал, пәкістандық рупи, кувейттік динар, ресейлік рубл бар. Түркия билігі ұлттық қауіпсіздікпен байланысты стратегиялық маңызы зор  қорғаныс, экономика, т.б. салаларда барынша дербес саясат ұстануға тырысады. Осылайша Түркия долларға байланған халықаралық ақша-қаржы саясатынан біржола бас арта алмаса да ішінара құтылудың жолын іздеген Қытай, Ресей, Иран, т.б. елдердің қатарынан орын алды. Дегенмен мынаны айта кету керек, қандай да бір елдің доллармен емес, ұлттық валюта бойынша сауда-саттықта өзара есеп айырысуы тиімсіз. Бұл - амалсыздың күнінен баратын қадам Доллар тек есеп айырысу құралы немесе капитал жинау, қор жинау құралы ғана емес, сонымен қатар, халықаралық қаржы жүйесінің индикаторы ретінде алға шығады.

0 пікір
Мұрағат