|
Түркия «бой өсіру» туризімі бойынша жетекші елге айналып келеді
|
Бүгінде күллі әлем бойынша бой өсіру отасы кеңінен таралып келеді. Бой өсіргісі келетіндер қалтасынан қыруар қаржы шығарып қана қоймай, сонымен қатар, жанға бататын процедураға төзуге дайын. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бойының ұзындығы 170 сантиметр пациенттер де кездеседі. Олар бойын 180 сантимтерге өсіруді көздейді. Бойдың аласалығы – адамды елеусіз қалдыратын көрсеткіш ретінде бағаланады. Бүгінгі адамдардың танымында. Жаңа тренд – 193 сантиметр. «Стамбұлдың шет жағындағы алтын жалатылған гипсокартонға ұқсас қонақ үйде аяқты ұзарту процедурасынан өтіп жатқан 20-ға жуық пациент жаңа сүйекке сәйкес келуі үшін бұлшық еттері мен сіңірлерін созуға тырысады», - деп жазыпты The Guardian агенттігінің тілшісі. Операция екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - пациентке металл өзектерді орнату және бекіткіштерді қосу үшін сан сүйектері сындырылады. Ал фиксаторлар (жаңа сүйек біту үшін уақытша салынатын металл өзек) алынатын екінші операция үш айдан кейін жасалады. Екі операция арасында пациент бірқатар процедуралардан өтеді. Сан сүйектеріне салынған өзектер арнайы кілттің көмегімен жылжытылады. Жаңа сүйек сындырылған сүйектердің арасындағы аралықта өте баяу өседі, дәлірегі, бір мезгілде 1 мм өседі. Кілттің әрбір бұрылысы пациент бойының қаншалықты өсетінін анықтайды. Қалпына келтіру процесі күнделікті физиотерапияны, антикоагулянттарды қабылдауды, массаж жасауды және жан шыдатпас ауырсынуды басуға арналған ем-домды қамтиды. Бұл тараптағы басты қатер – отадан кейінгі асқыну. Бұған негізінде пациенттердің өзі кінәлі - отадан кейінгі режимді сақтамағаннан түрлі кері әсердің зардабын тартады: қанның ұйуынан, буынның қабынуынан, қан тамырларының зақымдалуынан, созылмалы ауырсынудан, т.б. қауіптерден адам кемтар болып қалуы мүмкін немесе өліп кетуі де ғажап емес. Өткен жылы саудиялық пациент мұндай отадан 16 күн өткен соң қанның ұюынан қаза тапты. Саудиялық білікті мамандар жүргізген тергеу және тексеру амалдарыы түркі дәрігерлері тарапынан ешқандай кінәрат таппады. Үндістанның зерттеу компаниясы 2030 жылға дейін сүйекті ұзартудың жаһандық индустриясы 8,6 млрд долларға дейін жететінін болжап отыр. Сүйекті ұзарту отасы бірқатар еуропалық елдерді, соның ішінде Ұлыбританияда да жасалады. Дегенмен, Қытайдың денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылы мұндай отаға қатаң тыйым салған.