Түркия билігі ең төменгі жалақы мөлшерін бір жарым есеге көтереді
Түркия билігі ең төменгі жалақы мөлшерін бір жарым есеге көтереді
2 жыл бұрын 1410 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Michael Parulava / Unsplash

Түркия билігі 2023 жылы ең төменгі жалақыны бір жарым есеге – 5,5 мың түрік лирасынан 8,5 мыңға дейін арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы  президент Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Желтоқсан айының 22-дегі валюта бағамы бойынша бұл сома 455 АҚШ долларына тең. Түркия прежиденті бағаның көтерілуі желтоқсан айында төмендеп, келесі жылдың соңына қарай 20 пайызға дейін жететініне сенім білдірді. Түркиядағы жылдық инфляция қараша айында 84,4 пайызға жетіп, ресми деректерге қарағанда бір ай бұрынғы 85,5 пайыздан сәл төмендеді. Алайда, Режеп Тайып Ердоғанның экономикалық саясатын сынға алатын тәуелсіз инфляцияны талдау тобы мұндай мәлімдемемен келіспейді: олар елдегі бағаның өсуін 170,7 пайыз, деп есептейді. Соңғы жылдары Түркия басшысы инфляциямен күресу үшін негізгі мөлшерлемені төмендету саясатын жүргізіп келеді. Десе де көптеген экономистер мен сарапшылар және қаржыгерлер ұлттық валютаның құнсыздануымен бірге жүретін кері салдарынан құтылу мүмкін емесін алға тартып отыр. Соған қарамастан түрік билігі негізгі мөлшерлемені төмендету саясатын жалғастыруда. Қараша айында Орталық банк параметрді 1,5 пайыздық тармаққа азайтып, тоғыз пайызға дейін төмендете алған. 2021 жылдың соңында Түркия президенті бірнеше айдан кейін инфляция төмендей бастайды, лира көтеріледі, деп уәде бергеніне қарамастан соңғы бір жылда түрік валютасы төрттен бірге құнсызданған. Қаржы нарығына қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша Түркия осы жылды бір доллар үшін 18,78 лира бағамымен аяқтайды. Түркияның Еңбек министрлігінің келтірген мәліметі бойынша халықтың үштен бірінен астамы ресми түрде ең төменгі жалақы алады. Елдегі тұтыну бағасының өсу қарқыны 2022 жылы шамамен 65%-ды құрауы мүмкін – ширек ғасырдағы ең жоғары көрсеткіш.

0 пікір
Мұрағат