Түркия 2020 жылы спутниктік байланыс стансасын іске қосады
|
Түрік билігі 2020 жылы Türksat 6A спутник байланыс құрылысының жұмысын аяқтайды. Бұл жайында "Анадолы" ақпарат агенттігі Türksat ұйымының бас директорының орынбасары Хасан Хұсейнге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Türksat жетекшісі Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер жөніндегі кеңестің (TÜBİTAK) жанынан құрылған қорғаныс өнеркәсібін дамыту және зерттеу институты (SAGE) мамандары ұйымдастырған арнайы жиында мәлім еткен. Оның айтуынша, егер бұл жобаны шетелдік компанияға сеніп тапсырылса, оны іске қосу шығынын есептемеген күннің өзінде 200 млн доллар қаражат жұмсалып кетер еді. Türksat 6A құрылысына шамамен 350 зерттеуші маман атсалысады. Алайда, аталмыш жобаны жүзеге асыруға 546 млн түрік лирасы бөлінген, қазіргі уақытта оның 150 млн-дай лирасы игерілген. Айта кетейік, түріктер құрастыратын жер серігінің салмағы 4250 келіні құрайды. Оның хабар тарату аясы тек Түркия аумағын ғана қамтып қоймайды, сонымен қатар, күллі Еуропа мен Үндістанды қамтуға қауқарлы болмақ. Тағы бір айта кететіні, Türksat 6A спутнигін тек түрік ұйымдары мен мамандары ғана құрастыратын жоба болмақ.